Categories
Жаңалықтар

«SevenART» жобасы аясындағы көркем көрме.

8 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Торайғыров университетінде «SevenART» жобасы аясында Көркем көрменің ашылуы өтті, онда «Архетиктура және Дизайн»кафедрасының оқытушыларының 65 жұмысы қойылды. 65 картинаның ішінде біздің дарынды Beisembayev Library қызметкеріміз Абельдинова Тлеулес Аскеновнаның 6 жұмысы қойылды. Оның жұмыстары импрессионизм стилінде жасалды. Барлығы көрмеге барып, таңғажайып өнер әлеміне ене алады. Көрме айдың соңына дейін жалғасады.
Beisembayev Library жобаға қатысушыларды белсенді қатысқаны үшін шын жүректен құттықтайды және шығармашылық табыс тілейді!