Categories
Интернеттегі қызметтер

Виртуалды анықтама қызметі

«Библиографтан сұра» виртуалдық анықтамалық қызмет

Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының виртуалдық анықтамалық қызметіне қош келдіңіздер!

Біздің қызметімізді пайдалана отырып, Сіз өзіңізді қызықтыратын сұраққа жауап ала аласыз.

Анықтамалық қызметті бастамас бұрын Сізді Виртуалдық анықтамалық қызмет жайындағы Ережемен таныстырғымыз келеді.

Жұмыс тәртібі

1. Сауалдар күн сайын (сенбі, жексенбі, мерекелік күндерден басқа) және олардың түсу тәртібі бойынша орындалады.

2. 16:30 кейінгі уақытта түскен сауалдар келесі күні орындалады.

3. Сауалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Кітапхана тәулік бойынша өзіне белгіленген сауалдарды ғана орындауға құқылы.

Библиографқа сұрақ қою




Categories
Интернеттегі қызметтер

Торайғыров университеті шығарған өнімді сату

Торайғыров университетінде шығарылған өнімді сату [Көру]




Categories
Интернеттегі қызметтер

Құжаттарды индекстеу (ӘОЖ, ББК, МНТИ, авторлық белгі)

Құрметті оқырмандар!

Ғылыми кітапхананың қашықтықтан қызмет ету аясында онлайн қызмет әрекет етеді:

ӘОЖ, ББК, МТНТ индексін және авторлық белгіні беру:

  • кітаптар (оқу басылымдары, монографиялар);
  • ғылыми мақалалар;
  • докторлық, магистрлік диссертациялар.

Индексті алу үшін мыналарды ұсыну қажет:

  1. Жарияланымның атауы немесе авторлардың аты-жөні көрсетілген Сіздің жұмысыңыздың титул парағы (егер жұмыс шетел тілінде болса). тілінде кітап атауының аудармасы).
  2. Қысқаша аннотация, кілт сөздер.
  3. Т.А. Ә., байланыс телефоны.

Бұл ақпаратты WhatsApp-қа жіберіңіз: +7 777 934 05 35

Қызмет құны 100 теңге. Төлем Kaspi нөмірі бойынша жүзеге асырылады +7 777 934 05 35.

Жұмыс уақыты: 9.00 – ден 18.00-ге дейін.

Демалыс: Сенбі, Жексенбі.




Categories
Интернеттегі қызметтер

Құжаттарды электронды жеткізу

 Құрметті оқырмандар және әріптестер!

Beisembayev Library кітапхана ұсынады

Құжаттарды электрондық жеткізу

– зияткерлік қызмет нәтижелеріне меншік құқығы туралы заңнаманың және кітапхана қорын сақтау талаптарын бұзбайтын мөлшерде, кітапхана қорынан және коллекциянан (мақалалар мен кітап үзінділерін) қалпына келтіру.

Тапсырыстар online – режимінде қабылданады

Біз Сіздермен бірге жұмыс жасауға қуаныштымыз!

Сіздер өздеріңізге қажетті басылымдарға/парақтарға сіздерге қолжетімді біздің кітапханамыздың электрондық анықтамалық-ақпараттық ресурстарында тапсырыс бере аласыздар. 

Бұл ғылыми кітапхана қорындағы мерзімдік басылымдар мен жинақтардағы мақалалардың, кітап үзінділерінің 15 % мөлшерінен аспайтын электрондық көшірмесіне тапсырыс беру мүмкіндігі. Басылымдардың толық көшірмесі жасалмайды.

Тапсырыс, ережеге сәйкес, Сізден растау алынғаннан кейін 1-3 жұмыс күн мерзімінде орындалады.

Сенбі, жексенбі, сондай-ақ тазалық күндері тапсырысты өңдеу және жөнелту жүзеге асырылмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Кітапханадан алынған құжаттар көшірмесін рұқсатсыз пайдалану үшін жауапкершілік, қолдансытағы заңнамаға сәйкес, толығымен пайдаланушыға жүктеледі. 

Тапсырысты орындау үшін мына сілтемеге өтіңіз өтінім беру