Categories
Пайдаланушы

Beisembayev Library пайдалану ережесі

1 Жалпы ережелер 

1.1 Торайғыров университетінің Beisembayev Library пайдаланудың осы Ережесі Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнының кітапханасы жөніндегі ережеге сәйкес (Қазақстан жоғары мектебі. – 1995. – № 4. – 120 бет.) және 2020 жылы басқарма Төрағасының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Beisembayev Library туралы ережеге сәйкес бекітілді.

1.2 Ереже жоғары оқу орны оқырмандарына қызмет көрсетудің тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін реттейді.

2 Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережесі

2.1 Beisembayev Library профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және университет қызметкерлері пайдалануға құқылы. Оқырмандардың басқа категорияларына кітапхана директорының рұқсаты бойынша бір рет қызмет көрсетіледі.

2.2. Негізгі кітапханалық қызмет тегін көрсетіледі. Қосымша ақылы қызметтер университет ректоры бекіткен тізбе мен баға тізімі негізінде  көрсетіледі.

2.3. Оқырмандарды кітапханаға жазу оқырманның университетке қатысы бар екенін дәлелдейтін құжат бойынша: студенттер үшін – университетке қабылданғаны туралы бұйрық, деканаттан анықтама немесе студенттік билет, абитуриенттер үшін – эмтихан парағы, оқытушылар мен қызметкерлер үшін – жеке куәлігі және кадр бөлімінің анықтамасы бойынша жүргізіледі. 

2.4. Қітапхананы пайдалануы үшін оқырманға біріңғай оқырман билеті беріледі және оқырман формуляры толтырылады (). Кітапханаға жазылар кезде оқырмандар оның қағидаларымен танысып, оларды орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман билетінде және формулярда өзінің қолын қою арқылы растайды.

2.5. Оқырман билетін қолдану мерзімі – бір жыл. Жыл сайын (жаңа оқу жылы қарсаңында) кітапхана өзінің оқырмандарына, оларда жазылған барлық әдебиеттерімен бірге қайта тіркеуді жүргізеді де оқырман билетінің мерзімін ұзартады. Белгіленген уақытта қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетілмейді.

2.6 Оқырман билеті кітапхананы пайдалануға құқық беретін бірден бір құжат болып табылады. Кітапханадан кітап алу үшін оқырман билетін басқа қолға беруге болмайды.

2.7 Оқырманның аты-жөні, қызмет және оқу орны, тұрағы, телефон нөмірі өзгерген жағдайда 10-күннің ішінде кітапханаға хабарлауы керек. 

2.8 Жоғары оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билеттерін кітапханаға қайтарады және кету қағазын толтырады.

2.9 Үйге әдебиет абонементтерде беріледі. Оқу залдары әдебиетті одан шығару құқығынсыз пайдалануға береді. Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, ағымдағы мерзімді басылымдар, сирек кездесетін әрі құнды кітаптар мен басылымдар тек оқу залында жұмыс істеу үшін беріледі. «Міндетті дана» мөртаңбасы бар соңғы және бір ғана дана үйге берілмейді.

2.10 Кітаптарды, басқа да баспа туындылары мен өзге материалдарды алар кезде оқырмандар басылымдарды мұқият қарап шығады. Қандай да бір ақау шыға қалған жағдайда бұл жөнінде кезекші кітапханашыға мәлімдейді. Қалған жағдайда басылымды соңғы пайдаланған оқырман кітапты бүлдіргені үшін жауап береді.

2.11 Пайдалану қағидасын бұзған немесе кітапханаға залал келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңнамаларда, кітапхананы пайдалану ережелері мен қағидаларында белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

2.12 Басылымды жоғалтқан немесе оны қасақана бүлдірген оқырмандар оны дәл сондай басылыммен немесе оның көшірмесімен, немесе құны сондай деп бағаланған басылыммен алмастырады. Ал мұндай айырбас мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құны өндіріліп алынады. 

3 Абонементті пайдалану ережесі

3.1 Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге беріледі:

– оқу және әдістемелік әдебиеттер пәндердің оқылу мерзіміне сәйкес беріледі. – міндетті түрде белгіленген уақытта қайта тіркеуден өткізілуі тиіс;

– аз даналы оқу әдебиеттері 10 күнге беріледі; 

– негізгі қордың бақылау даналары 1 тәулікке ғана пайдалануға беріледі;

– ғылыми және арнаулы әдебиет  5 кітапқа дейін бір айға беріледі;

– көркем әдебиет 2-3 кітаптан 15 күнге беріледі.

3.2 Егер оқырмандар жағынан материалдарға сұраныс болмаса,  басылымдарды пайдалану  мерзімі ұзартылуы мүмкін, ал егер басылым бір даналы немесе  жоғары сұраныста болса, қысқартылуы мүмкін.

3.3 Тапшы, аз даналы басылымдарды беру мерзімдері нақты жағдайда кітапханамен белгіленеді және мұндай басылымдар кітапхананың бірінші талабы бойынша қайтарылады.

3.4 Абонементке әдебиеттерге тапсырыс жасау және алу кезінде оқырмандар оқырман билетін (сырттай оқитын студенттер – сынақ кітапшасын) ұсынады, оқырман құжатын толтырады.

3.5 Кітап беру әр басылымның кітап формулярында (мерзімі, тобы, оқырман билетінің нөмірі, тегі, қолы) оқырманның қол қоюымен жасалады. Басылымды қайтарған кезде, оқырманның қойған қолы беру мерзімін сызып тастаумен жойылады. Кітап формуляры оқырманға басылымды беру және кітапханашының қабылдау мерзімін,  фактіні куәландыратын құжат болып табылады. 

3.6 Топтық сабақтарда пайдалануға арналған әдебиеттер абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріледі және тіркеу журналында топтағы кезекші студенттің қолхатымен рәсімделеді. Топтық сабақтарға берілген әдебиеттер үшін оқытушы жауапкершілікте болады.

3.7 Сырттай оқитын студенттер сессияаралық мерзіміне кітапхана қорында бар қажетті әдебиеттер данасымен қамтамасыз етіледі.

4 Оқу залын пайдалану ережесі

4.1 Оқу залдарында кітаптарды беру бірыңғай студенттік билет, сырттай оқитын студенттерге сынақ кітапшасы бойынша жасалады.

4.2 Кітап беру әр басылымның кітап формулярында оқырманның қол қоюымен жасалады.

4.3 Оқу залдарында берілетін кітаптардың, басқа да құжаттар мен материалдардың саны шектелмейді. Бір мезгілде жоғары сұраныс болған жағдайда берілетін кітаптардың саны шектелуі мүмкін.

4.4 Оқу залдарына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдармен, баспасөз басылымдарының қиындыларымен және басқа да баспа материалдарымен кіруге рұқсат етілмейді.

4.5 Оқу залынан әдебиетті кітапханашының арнайы рұқсатысыз шығаруға тыйым салынады. Бұл ережені бұзған кезде, оқырман әкімшілік белгілеген мерзім бойынша кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

5 Электронды қорлар залдарын пайдалану ережелері

5.1 Электронды қорлар залы жергілікті, сондай-ақ алыс қашықтықтағы пайдаланушыларға  электронды тасымалдағыштардағы құжаттар арқылы қызмет көрсетуді жүзеге асырады. 

5.2 Пайдаланушылар саны,  кірген уақыты, тобы (бөлімшесі), тапсырыс тақырыбы электронды қорлар залының оқырмандарды есепке алу журналында тіркеледі. 

5.3 Электронды қорлар залында пайдаланушылар электрондық каталог және басқа да кітапханалық ақпараттандырулар арқылы Кітапхана қорының құрамы жайында толық ақпарат алады.

5.4 Оқырман Интернетті тек қана оқу мақсатында пайдаланады.

5.5 Электронды қорлар залында Кітапхананың электронды қорларына тегін кіру жүзеге асырылады.

5.6 Пайдаланушылар Санитарлық ережелер мен компьютерде жұмыс істеу нормасын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға міндетті.

5 Оқырманның құқықтары мен міндеттері

5.5 Оқырмандардың құқықтары бар:

– кітапхана көрсететін негізгі кітапханалық-ақпараттық қызмет түрін тегін пайдалануға;

– электрондық каталог және басқа да кітапханалық ақпараттандырулар арқылы Кітапхана қорының құрамы жайында толық, анық ақпарат алуға;

– электронды каталог деректерін, Интернет қызметін және басқа да ақпараттық қызметтерін пайдалануға;

– сапалы қызмет пен жақсы қарым-қатынас алуға;

– ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда кеңестік көмек алуға;

5.6 Оқырманға рұқсат етілмейді:

– кітапханаға сыртқы киіммен кіруге;

– оқу залдарына сөмкемен кіруге;

– кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

– өз оқырман билетін басқа адамға беруге немесе бөтен құжатты әдебиет алуға пайдалануға;

– құжатты ресімдемей кітапты кітапханадан шығаруға;

– кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оларға белгі салу, сызу, парақтарын жырту, мұқабасын бүктеуге, суретті, сызбаны калька, көшіргі қағаз арқылы айналдыра сызуға);

– каталогтар мен картотекалардан карточкаларды суырып алуға;

– электронды деректер қорының, оның ішінде электронды каталогтың тұтастығын  бұзуға;

– қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге.

5.7 Оқырмандар міндетті:

– әдебиетті алу үшін оқырман билетін, сынақ кітапшасын көрсетуге, құжаттарды толтыруға және кітап формулярында әр басылымға қол қоюға;

– кітаптарға, баспа туындылары мен басқа да материалдарға және кітапханалық мүлікке ұқыпты қарауға, қажеттілігіне қарай кітапханаға тапсырудың алдында басылымға шағын жөндеу жасауға;

– кітапханадан алған басылымдарды бекітілген мерзімінде қайтаруға;

– оқырман билетіне ұқыпты қарауға.

6 Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

6.1 Кітапхана оқырмандарға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академик С. Бейсембаев атындағы  Ғылыми кітапханасы туралы Ережеге және Ғылыми кітапхананы пайдалану Қағидасына сәйкес қызмет көрсетеді.

6.2 Кітапхана құқылы:

– кітапхана қорынан берілген кітаптардың, басқа да баспа туындылары мен материалдардың кітапханаға қайтарылуын бақылауға; 

– кітапхананы пайдалану Қағидасын бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдануға;

– оқырманнан жоғалтқан немесе бүлдірген басылым үшін оның шынайы нарықтық құнын өндіріп алуға, ал егер оқырман жоғалтқан немесе бүлдірген басылымның орнын толтыруға қарсылық білдірсе, онда нотариалдық ұйымға хабарласып, оқырманның немесе оның ата-анасының жұмыс орны арқылы басылымның шынайы құнын 10-есе бағамен қайтарып алуға құқылы.

6.3 Кітапхана міндетті:

–  гуманизм, төзімділік, саяси және идеологиялық плюрализм, ақпаратқа кіру теңдігінің принциптерін басшылыққа алуға;

–  өз қызметінде партия және қоғамдық қозғалыстарға қатысты саяси бейтараптық сақтауға;

– оқырмандарға кітапхананың барлық қорын пайдалану мүмкіндігін жасауға, қажетті әдебиеттердің жетіспеушілігі кезінде кітапхана оқырманға қажетті оқу материалының көшірмесін жасау мүмкіндігін беруге міндетті;

– кітапханада оқырмандардың жұмысы үшін қажетті жағдай жасап отыруға, барлық студенттер мен қызметкерлерді кітапханаға тарту бойынша шаралар қолдануға;

– оқырмандарды барлық көрсетілетін қызметтер жайында ақпараттандыруға;

– қоры және көрсететін қызметтері туралы көпшілікке таратуға, кітапқа деген қызығушылықтарын дамытуға және мадақтауға;

– оқырмандардың сауалдарын зерттеп, толығымен қанағаттандыруға;

– кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруге, жаңа технологиялар мен қызметтерді енгізуге;

– тұтынушылардың ақпараттық мәдениеті және кітапханалық-библиографиялық білім негіздері бойынша ауызша консультацияларды, әңгімелер мен сабақтарды өткізу жолымен оқырмандардың ақпараттық мәдениетінің, кітапханалық-библиографиялық сауаттылығының дамуына көмектесуге;

– бекітілген ережелерге сәйкес қордағы бар құжаттарды сақтауға, пайдалануға және есептеуге;

– ұлттық мәдени игіліктің бөлігі болып табылатын қорлардың сақталуына жауап беруге, оқырманға берілген кітаптың кітапханаға уақытында қайтарылуын қадағалауға;

– пайдалану мерзімі өтіп кеткен, бұрын берілген кітаптарды қабылдағаннан кейін ғана оқырманға кітапты үйге беруге міндетті;

– кітапты пайдалану мерзімі өтіп кеткеннен кейін 5 күннен соң, оқырманға оны 10-күннің ішінде тапсыруы керектігін хабарлайды. Егер осы уақыттың ішінде кітаптар кітапханаға қайтарылмаса, кітапхана оқырманға оларды тапсыру жөнінде немесе оның орнына мазмұны мен бағасына сәйкес тең келетін басылыммен  алмастыру туралы жазбаша талаптар жібереді. 

6.4 Кітапханадағы құжаттарға оқырмандардың кіру мүмкіндігін идеологиялық және саяси себептер бойынша шектеуге болмайды.