Categories
Пайдаланушы

Құжаттарды электрондық жеткізу

 Құрметті оқырмандар және әріптестер!

Академик С. Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана ұсынады

Құжаттарды электрондық жеткізу

– зияткерлік қызмет нәтижелеріне меншік құқығы туралы заңнаманың және кітапхана қорын сақтау талаптарын бұзбайтын мөлшерде, кітапхана қорынан және коллекциянан (мақалалар мен кітап үзінділерін) қалпына келтіру.

Тапсырыстар online – режимінде қабылданады

Біз Сіздермен бірге жұмыс жасауға қуаныштымыз!

Сіздер өздеріңізге қажетті басылымдарға/парақтарға сіздерге қолжетімді біздің кітапханамыздың электрондық анықтамалық-ақпараттық ресурстарында тапсырыс бере аласыздар. 

Бұл ғылыми кітапхана қорындағы мерзімдік басылымдар мен жинақтардағы мақалалардың, кітап үзінділерінің 15 % мөлшерінен аспайтын электрондық көшірмесіне тапсырыс беру мүмкіндігі. Басылымдардың толық көшірмесі жасалмайды.

ПМУ ҒК электронды каталогы

Академик С. Бейсембаев атындағы Ғылыми кітапхана қорында бар құжаттарды (журналдар мен кітаптардағы мақалаларды, бөлімдерді, тарауларды, параграфтарды) іздеу, тапсырыс беру және электронды көшірмелерін жеткізу.

Ол үшін ПМУ сайтындағы электронды каталогқа кіріңіз. Іздеу терезесіне іздеу белгісін енгізіңіз.

«Іздеу» батырмасын басыңыз.

Таңдалған басылым жолағындағы карточканы басыңыз.

Келесі терзеде жолақтарды толтырыңыз және «Тапсыру» батырмасын басыңыз.

Сіздің тапсырысыңызды алғаннан соң, біз Сізге электрондық почта бойынша тапсырысты орындау мүмкіндіміз жайында хабарланған хат жолдаймыз.

Тапсырыс, ережеге сәйкес, Сізден растау алынғаннан кейін 1-3 жұмыс күн мерзімінде орындалады.  

Сенбі, жексенбі, сондай-ақ тазалық күндері тапсырысты өңдеу және жөнелту жүзеге асырылмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Кітапханадан алынған құжаттар көшірмесін рұқсатсыз пайдалану үшін жауапкершілік, қолдансытағы заңнамаға сәйкес, толығымен пайдаланушыға жүктеледі. 




Categories
Кітапхана тарихы

1976-1980 жж.

1976 жылы 2 ақпанда кітапхананың 3 бөлімі ұйымдастырылды – кітап сақтау бөлімі, содан кейін бұқаралық жұмыс секторы, каталогтау және жіктеу секторы, қорға ашық қол жетімді көркем әдебиеттер жазылымы. Кітапхана қорын Әмбебап ондық классификациясына (ӘДК) көшіруге дайындық басталды. Атаулардағы кітапхана қоры 20000 жуық болды. 1978 ж. 8 ақпанда – студенттерге қызмет көрсетудің топтық әдісі енгізіле бастады (No93-084-157 / 19 хат «Жоғары оқу орнының кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің топтық әдісін ұйымдастыру туралы» хат).




Categories
Слайдер на главной странице (kaz)

Slider




Categories
Жаңалықтар

Кітапхананың тарихи бренді.

Кітапхананың 60 жылдығына арналады: әр жылдардағы фотосуреттер.




Categories
Жаңалықтар

Тұңғыш президенті күні

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!

Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріне библиографиялық шолу