Дәстүрлі кітапхана қызметі ешқайда кетпейді. Шектеулер жағдайында жұмыс істеу, оңтайландыру кітапхананың офлайн қызметін жоймайды. Сонымен қатар, Beisembayev library қызметтің жаңа бағыттарын іздейді және қолға алады, белсенділік, бастама танытады, қазіргі заманғы трендтерден қалмау үшін дамуын жалғастырады. Кітапхана қолдау қызметі ретінде үлкен танымалдылыққа ие болды. Пайдаланушыларға ғана емес, өз әріптестеріне: қалалық және ауылдық кітапханалардың, колледждердің кітапханашыларына көмек көрсету бойынша жұмыс өсті.
Бүгінгі таңда кітапханашыларға тұрақтылық қажет емес, жеке өсу мүмкіндігі, жаңа дағдыларды үйрету қажет. Қазір кітапхана жұмысының түрлі бағыттары бойынша онлайн және офлайн біліктілікті арттыру бойынша көптеген курстар бар. Алайда, біз ауылдық және қалалық кітапханалардың кітапханашыларының біліктілігін арттыру мәселелерінде олқылықтың бар екенін анықтадық. Ерейментау ОКЖ, Целиноград ауданы және Ақмола облысының басқа аудандарының қалалық және ауылдық кітапханаларының мамандарынан құралған екі топ 2021 жылдың 15-24 сәуір аралығында алғаш рет «заманауи жағдайда кітапхана жұмысын ұйымдастыру»тақырыбында онлайн курстар өткізді. Курс тыңдаушылары, олардың 40-тан астам адамы дәрістерді қуана тыңдады, практикалық тапсырмаларды орындады, соңында курстардың сапасы мен тиімділігі туралы сұрақтармен сауалнамалар толтырды. Алынған жауаптар бізді Қазақстанның кітапхана қызметкерлері үшін курстарды әрі қарай өткізуге ынталандырады.
Бұл кездесулерде қатысушылар маңызды ақпарат алды, әріптестерімен білім мен тәжірибе алмасты, жаңа кәсіби байланыстар орнатты, атмосфера мен жағымды қарым-қатынасты ұнатты, іс-шарада туындаған идеялар мен шешімдерді іске асыруға уәждеме алды.
Бұқаралық кітапханалар қызметкерлерінің біліктілігін қашықтықтан арттыру мүмкіндігінде кітапхана директоры Г. К. Аманова, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі маман Б. С. Альжанова, ПДО маманы Д. Б. Нұрлыбек үлкен рөл атқарды.
Beisembayev library маманы Альжанова Б. С.